«Төрт тоқсан- төрт өнер» » КГУ «Средняя школа №7 города Алтай»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
«Алтай қаласының №7 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72335) 6-54-23
Есепші бөлімі:
7 (72335) 7-92-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қыркүйек
2023

«Төрт тоқсан- төрт өнер»

2023 жылғы 28 қыркүйекте «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ-да «Төрт тоқсан- төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру ақыл-ой адамгершілік тәрбиесін беру мақсатында өткізілген оқушылардың «Ақындар айтысы» сайысын талқылауға арналған пікір алмасу кеші өтті.
Шараға қатысқан музыка пәнінің мұғалімі Жанна Газизовна ата-бабамыздан бері келе жатқан көне, ұлттық өнерімізді келешек ұрпағымызға насихаттау мақсатында осындай іс-шаралар ұйымдастырылуы нұр үстіне нұр болады- деп өз ойын білдірді.
Әр азамат өзінің туған жерін қанша жырласа да, туған жеріне деген махаббатының сарқылмасы анық. Мінеки, бүгінгі жас ақындар да өз елін, туған жерін жырлап, төл өнерінің мәртебесін көтеруде деп шараға қатысушылар өз ойын ортаға салды.
Жас ақындарымызға сәттілік серік болсын дей отырып, музыка пәнінің ұстазы Жанна Газизқызы музыкалық сәлемін тарту етті.